Директор блогы

"Өткеннің әдемі тастарынан келе жатқан баспалдақтарды салыңыз.
Бүгін-кеше, бүгін-ертең".

Н. К.Рерих.

Сұрақ қою

blog-main

Блог директора

  Берген Мақсот Қабышұлы 1947 жылы 26 наурызда қазіргі Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Ақырап ауылында дүниеге келді.
Еңбек жолын 14 жасынан бастады. Бірінші наградасы «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалін егін орудағы үздік еңбегі үшін мектепте оқып жүргенде алды. 1965 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, 1971 жылы фармация мамандығы провизор біліктілігі бойынша мамандық алып шықты.
 Институтты бітіргеннен кейін Қазақ ССР-і Денсаулық сақтау министрлігінің жолдамасымен қазіргі Батыс Қазақстан облысының (бұрынғы Орал облысы) облыстық дәріханалар басқармасына жұмысқа келіп, фармацевтикалық инспектор қызметін атқарды. Орал қаласындағы №1 қалалық дәріханаға меңгеруші болып тағайындалды. Бұл салада 13 жыл жұмыс жасап, фармацевтика инспекторынан дәріхана жүйесінің меңгерушісіне дейінгі еңбек  баспалдағына көтерілді.
     1984–2012 жылдар аралығында орта буын медицина қызметкерлерін даярлайтын Батыс Қазақстан медицина колледжінде 28 жыл директор лауазымында жұмыс атқарды.
Қазіргі таңда Мақсот Қабышұлы 2012 жылдан ЖМ Орал «Мақсат» медициналық колледжінің  басшысы қызметін атқарады. 20 жылға жуық тарихы бар бұл оқу орнының  мыңдаған түлектері: медбикелер мен фельдшерлер, дантистер мен фармацевтер республика және облыстың емдеу мекемелерінде табысты еңбек етіп жүр. Соның ішінде, көптеген Сырым ауданының түлектері колледжді ойдағыдай аяқтап, медициналық мекемелерде табысты еңбек етуде.
Мақсот Қабышұлы – өзінің белсенді өмірлік және азаматтық позициясымен өңірімізге белгілі азамат. «Қазақ тілі» қоғамының Орал қалалық бөлімшесін он жыл бойы басқарып, облыс халқына тіл жанашыры ретінде танылды. Өңірімізде мемлекеттік тілге деген көзқарастың өзгеруі үшін көптеген шаралар ұйымдастыруға ықпал етіп, оның мәртебесін көтеруге еңбегі сіңді. Ономастикалық комиссия отырыстарында қала көшелерінің атауларын тәуелсіздік талабына лайықтап өзгерту мәселесінде де табанды ұстанымымен елінің патриоты ретінде танылды.
Орал қалалық маслихатының үш мәрте ІІІ,IV,V шақырымдарының депутаты болып сайланған кезінде облыс пен қала тұрғындарының игілігі үшін көптеген іс-шаралардың жүзеге асуына ықпал етті. «Нұр Отан» ХДП бақылау комиссиясының төрағасы ретінде облыстағы денсаулық сақтау, мәдениет, білім, құрылыс саласы секілді  үнемі тексерісті қажет ететін нысандарды бақылауда жауапкершілігі мен іскерлігін көрсете білді.
      Мақсот Қабышұлы Берген  қайырымдылық көрсетуді, мұқтаж адамдарға көмек қолын ұсынуды міндет санайтын азаматтардың бірі. Бірнеше жыл қатарынан облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық  кеңес беру орталығында емдеудегі мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балалардың жаңа жылдық мерекесін өткізуге, қалалық балалар шығармашылық байқауын ұйымдастыруға, қарттар және мүгедектер Үйі мен «Балалар ауылында» қайырымдылық акцияларын өткізеді. №20, №30 ЖББ мектеп оқушыларының жаппай біліммен қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол» атты акциясына жыл сайын демеуші болады.    М.Қаналиев атындағы жалпы білім беретін Алғабас орта мектебінің оқушыларына шәкіртақы тағайындауға қаржылық қолдау жасап, мектепке теледидар, қаржылай демеушілік жасады. Сонымен қатар ол  басқаратын оқу орнында ата-аналарынан айырылған студенттер үшін оқу ақысын төлеуден мүлдем босату немесе 50% жеңілдікпен төлеу қарастырылған. М.Қ.Берген өзінің 45 жылдан астам өмірі мен күш-қуатын, кәсіби шеберлігін Қазақстан мен облыс медицинасының дамуына арнап, мыңдаған болашақ медицина кадрларын даярлауға, қаламыз бен өңіріміздің дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосты. М.Қ.Берген еңбегі үшін бірнеше мәрте денсаулық сақтау, білім  және ғылым Министрліктерінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, облыстық медицина қызметкерлері кәсіподағының  мақтау және кұрмет грамоталарымен марапатталды. Бүгінгі таңда БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ағайын» қазақстар этно-мідени бірлестгінің төрағасы.
 М.Қ.Берген төмендегідей мемлекеттік наградалары және құрметті атақтары бар:
       1964 жылы «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалі;
       1987 жылы «КСРО Денсаулық сақтау саласының үздігі» белгісі;
       1997 жылы «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі»,
        «ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері» белгілері;
       2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі;
       2002 жылы «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі;
       2005 жылы «ҚР Конституциясына 10 жыл» медалі;
       2007 жылы «Шапағат» медалі;
       2007 жылы «ҚР денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі» белгісі;
       2009 жылы «Ы.Алтынсарин» белгісі,
       2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
       2012 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі;
       2011,2015,2016 жылдары  ҚР Президентінің алғыс хаттарымен
       2018ж. «Қазақстан полициясына - 25 жыл» омырау белгісімен  марапатталды.
       2018ж. Сырым ауданының «Құрметті азаматы».
       2018ж «Еңбек ардагері» төсбелгісі

Қазіргі уақытта ЖМ Орал "Мақсат" медицина колледжінің" жетекшісі.