Еріктілердің "Әрекет етейік" акциясы.

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні қарсаңында "Әрекет етейік" ұранымен студент-еріктілер қаламыздың көшелерінде туберкулез туралы халықты ақпараттандыруға бағытталған акция өткізді.

Студенттер дерттің алдын алу бағытындағы буклеттер таратты, туберкулезден қорғанудың қарапайым әдістерімен, аурудың ерте диагностикасындағы флюорографияның маңызын түсіндірді.