«Сенің болашағың!» профилактикалық дәрісі

Әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау және қауіпсіз ана болуды  қамтамасыз ету - бүкіл әлемдегі заманауи медицинаның басым міндеті.

Жасөспірімдік жаста, қыз әдетте, физикалық және моральдық жағынан ана болуға дайын болмаған кезде жүктілік ерекше проблема болып табылады.

Бүгінгі таңда жасанды түсік тастау деңгейін төмендетуде ағартушылық жұмыс үлкен рөл атқарады: "Емдеу ісі" мамандығының IV курс студент-еріктілері жасөспірімдер арасында түсік пен ЖЖБИ алдын алу бағдарламасына белсене қосылды.

 Еріктілер акушерия және гинекология оқытушысы Г. Ж. Есбосынованың басшылығымен 2019 ж. 12-15 наурыз аралығында қаламыздың № 10,20,47 ЖББМ-де аталмыш тақырыпта 9-11 сынып оқушыларына  көрнекі материал, бейнероликтер, мультимедиялық презентация көрсету негізінде пікірталас ұйымдастырып келді