24.09.2021

Қыркүйек айының 24-і қалалық кітапханалар жүйесінің №6 кітапхана-филиалында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбында кітап таныстырылымы өткізілді. Шараның мақсаты: «Рухани жаңғыру» жобасы аясында шыққан гуманитарлық сала мамандарына дүние жүзіндегі таңдаулы үлгідегі білім беретін кітаптарды насихаттау. Шараға М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Университеті және Орал «Мақсат» медициналық колледжінің студенттері белсене ат салысып, кітап туралы өз пікірлерін ортаға салды.