15.10.2021

13 қазан күні БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының келісімі бойынша және "Ғасыр" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, студенттерді патриоттыққа, ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштік сезімге тәрбиелеу, Отан қорғауға дайындау және студенттер арасында достық қарым-қатынас орнату, ұйымшылдыққа, бірге іс-қимыл, әрекет етуге жаттықтыру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы әскери-патриоттық жарыс өткізілді. Жарысқа Орал "Мақсат" медициналық колледжінің Ф-01 және МС-01 тобының студенттері қатысып, Марсов Әлішер "Мылтық ату" бойынша 2-ші орынға ие болды.