23.11.2021

Орал "Мақсат" жоғары медициналық колледжінің студеттері арасында Орал қалалық кітапханасының 6 филиалында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Тәуелсіз елдің ұрпақтары" тақырыбында танымдық сайыс өткізілді. Сайыстың қорытындысы бойынша Емдеу ісі мамандығының Ф - 11 топ студенті Қазиева Жұлдыз 1 - орын, Мейіргер ісі мамандығының МС - 11 топ студенті Ильяшова Асем 3 - орынға ие болып дипломмен марапатталды. Қалған қатысушыларға Алғыс хат табысталды.