07.10.2021

Орал «Мақсат» медициналық колледжімізде 7 қазан күні халықаралық қыздар күніне орай «Қызды қырық үйден тыйымы керек пе?» тақырыбында пікір сайысы өткізілді. Пікір сайыс алаңында төрт команда ұшқыр ойларымен тақырыпты кеңінен талқылады. Пікір сайыс алаңына Жолдаскалиева Эльнара, Әлмұқан Ұлту, Мақсұт Диляра, Бисенбаева Гүлсезім, Қажыбаев Бекнур, Амангелдиев Қабыл, Касымов Ақжол, Ильяшова Асем студенттері қатысып, шараның соңында дипломдар мен номинация бойынша марапатталды.