11.10.2021

2021 жылдың 11-қазанында Орал «Мақсат» медициналық колледжінде «Қазақстан Республикасының Қызыл Ай Қоғамы» Қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан Облыстық филиалының директоры Тенишева Светлана Владимировна мен колледждің «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» және «Стоматология» мамандығының 3-курс білім алушыларымен кездесу болып өтті.
Кездесуде Қоғамдық бірлестіктің тарихы мен қызметін таныстырды. Болашақ медицина мамандарымен бірлесіп, алғашқы көмек көрсетудің түрлері мен жолдары туралы ой бөлісіп, ақпарат алмасты.