23.09.2022

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні "Мақсат" Жоғары медициналық колледжінде "Мейіргер ісі" мамандығының МС-21 топ кураторы бастаған Жайгалиева Г.С. А. Байтұрсынұлының 150 жыл толу мерейтойына орай "Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағатында ақынның өлеңдері, аудармалары оқылып, өмірбаяны бойынша презентация жасалды. Ахметтің тұтқындалған сәтінен көрініс қойылды. Студенттер мен ұстаздар өз ойларымен бөлісіп, ерекше әсерде қалды.