Медицина қызметкерлері күні

24.06.2021

Адамдар медицина қызметкерлеріне ең қымбат нәрселерін сеніп тапсырады – бұл өзінің және жақындарының денсаулығы, ол дәрігерлерден заманауи білімді, жоғары берілгендік пен адами қасиеттерді талап етеді. Медицина қызметкерлері күні – бұл тек дәрігерлердің ғана емес, сонымен қатар фельдшерлердің, мейірбикелердің, кіші қызметкерлердің де мерекесі, өйткені бірде – бір заманауи қондырғы науқасқа деген сезімталдық пен ықыласты қарым – қатынасты алмастыра алмайды.

Құрметті әріптестер, ең жылы және шынайы құттықтаулар мен мықты денсаулық, бақыт және амандық – саулық тілектерін қабыл алыңыздар. Сіздердің алдағы қызметіңіз жаңа табыстар мен жетістіктермен ерекшеленсін! Сізге мақсатты талапкерлердің келуін, ал Сізден кәсіби мамандардың шығуын тілейміз.

Мерекеге орай «Қазақстанның медициналық колледждері одағының» «Медициналық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен колледждің бірінші басшысы М.К. Берген және колледж директоры М. И. Трушкова марапатталды.

Құттықтаймыз!!!