Орал қаласының құрметті азаматы

22.12.2020

Еліміздің Тәүелсіздік күніне орай шаһардың өркендеуіне үлес қосқан бір топ азаматқа «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы салтанатты түрде табысталды. Олардың қатарында еңбегімен ел алғысына бөленген колледжымыздың бірінші басшысы Берген Мақсот Қабышұлы да бар.

Берген Мақсот Қабышұлы халыққа қызмет көрсетудің ең қажетті де қашанда өзекті саласы – медицина, білім салаларын дамыту мен жетілдіру ісіне көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп келеді. Мақсот Қабышұлына Құрметті атағын беру туралы куәлік пен төсбелгі табысталды. Берген Мақсот Қабышұлын "Орал қаласының құрметті азаматы" атағын иеленуімен құттықтаймыз! Сізге сәттілік тілейміз!