Колледжіміздің бірінші басшысы Берген Мақсот Қабышұлының ПРОФЕССОР ғылыми дәрежесі атағын алуын құттықтау рәсімі!

11.11.2020

Коледжімізде көптеген күткен атаулы күн. Колледжіміздің бірінші басшысы Берген Мақсот Қабышұлына Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің Ғылыми Кеңесінің 2020 жылғы «27» ақпанындағы шешімімен ПРОФЕССОР ғылыми атағы берілді.Мәдениет және спорт министрі. Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызының Алғыс хатымен, Орал қаласының әкімі      А. Шыныбектің Алғыс хатымен, Колледж ұжымы атынан - Құттықтау грамотасымен марапатталды. Атаулы шараға  Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры - Баяхов Алиби Науханович, Зашаған кенті әкімі - КАДЫРОВ АДИЛБЕК ЖАНЫБЕКОВИЧ, Ғ.Құрманғалиев атындағы
Батыс Қазақстан облыстық филармониясының директоры - Қажғалиев Асхат Тарасұлы қатысты. Берген Мақсот Қабышұлын ПРОФЕССОР ғылыми атағымен құттықтап, ізгі тілектерін айтты.    

Колледж ұжымы атынан Берген Мақсот Қабышұлын шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Биік шыңдарды бағындыра беруіңізге тілектеспіз!!!