2020 жылдың 25-30 мамыр аралығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент жастары арасында «Мен –қазақпын» атты облыстық онлайн эстафетасы ұйымдастырылды.

28.05.2020

Қазақстанның халық жазушысы, қазақтың ақиық ақыны Ж. Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойын  ұлықтау, ақынның қалам өнеріндегі асқан дарынын және шеберлігін таныту, «Мен –қазақпын» поэмасы арқылы жастардың тіл мәдениетін дамыту , елін, жерін, халқын қадірлей отырып, тілге деген сүйіспеншілік сезімдері арқылы патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында үзіндіні жатқа оқу онлайн эстафетасын Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінен қабыл алып,  Орал «Мақсат» медициналық колледжі «Стоматология»  мамандығы 1 курс студентті Кенжебекова Гүлназ  жалғастырып, Орал гуманитарлық –техникалық колледжіне жолдайды.