2019жылдың қарашаның 23-шы жұлдызында Орал «Мақсат»

2019жылдың қарашаның 23-шы жұлдызында Орал «Мақсат» медициналық колледжінің акт залында «Емдеу ісі»-11 және 13  топтары мен «Мейіргер ісі»-11 топтар арасында ««Остеология және миология » модульдері  бойынша бекіту сабақ сайыс ретінде өтті. Бұл сайыс студенттердің білімін, ұйымдастырушылық қабілетін, ой өрісін, игерген тәжірибелік дағдыларын нығайту мақсатымен жүргізілді. Сайыста «Латын тілі және мен болашаққа сеніммен!», «Өзінді тексер», «Топ басшылар сайысы», «Тауып көр!», «Үй тапсырмасы», «Жедел жәрдем» және «Ақындар» атты сайыстар өткізілді.  Әр топ пәнді қаншалықты білетіндігің көрсетіп, топпен жұмыс істеуін, ұйымшылдығын,  пәнге қызығушылығын көрсетті. Сайыс қатысушылармен қатар жаңкүйерлерде  өз үлесін алып, қызықты ойындар оларға жүргізілді. Әділ қазылар бағаларын беріп, кеңестерің айтып, женімпаздар  мадақтамалармен марапатталды.

Анатомия, физиология және патология  пәндер оқытушысы Хамредденова Айна Хайсагалиевна