29 қазан қайырымдылық айлығы аясында "Жан жылуы" акциясымен «Стоматология» мамандығы ДТ-11 тобының студенттері Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар үйіне барды. Студенттер өздерінің алдына ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау, олардың өзін-өзі бағалауын арттыру, сондай-ақ шығармашылық әлеуетін ашу мақсатын қойды. Іс-шара жоспарына бағдарламалау бойынша көріністер, ойындар, сергіту сәттері, суреттер салу, фототүсірілім және заманауи билер кірді. Барлық балаларға сыйлықтар тарту етілді.

Бұл кездесу студенттердің жүректеріне терең әсер етті.

Балалар үйіне барған студенттер ең бастысы – балаларға тәттілер мен сыйлықтар маңызды емес, оларға біздің балаларға сыйлаған қарым-қатынас пен көңіл бөлу маңызды екенін түсінді. Кездесу балалардың да, студенттердің де жағымды эмоцияларына толы болды.

#Балаларжылы
#Годдетей
#өзін_өзібасқару
#студенттікпарламент
#студенческийпарламент
#rumcdo_official