«Сау болу - сәнді!»
2019 ж. 6 сәуірінде БҚО денсаулық сақтау басқармасымен дүниежүзілік Денсаулық күніне орай ұйымдастырылған «Сау болу- сәнді!» акциясына студенттеріміз белсенді қатысты.Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулықтарын нығайту, скринингтік бағдарламалар, ӘММС туралы халықты хабардар ету.Шағын медициналық орталық жұмысы ұйымдастырылды, онда артық салмақты, қан қысымын, бойі мен салмағын өлшей отырып, мамандардың тегін консультацияларын алу мүмкіндігі қарастырылды, АҚТҚ анықтауға жедел тестілеу жүргізілді, ақпараттық оқу материалдары таратылды.Колледж студенттеріміздің концерттік бағдарламасы акцияның оң көзқарас пен жағымды атмосферады өтілуіне жағдай туғызды.