«Өмірге ИЯ деп айт!» онкүндігі

2019ж. 18-28 ақпан күндері аралығында колледжде білім алушылар, ата-аналар, оқытушылар бойында позитивтік өмірлік ұстанымын қалыптастыру мақсатында «Өмірге ИЯ деп айт!» онкүндігі оздырылды.

Колледж психологі С. А. Талпакованың және студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен келесі шаралар қызықты өтті: «Тілек білезігі», «Менің колледждегі бір күнім» арт-терапиялық жаттығу, «Мен өмірге ғашықпын» атты диспут, «Жетістікке жету жолдары», «Жақсы көңіл-күй – жан азығы», «Біз өмірді таңдаймыз» атты семинар-тренингі.

1-курс студенттерінің ата-аналарына арналған «Психикалық саулық-деннің саулығы» семинар-тренингі,оқытушыларға арналған «Жаныңда жүр жақсы адам» атты семинар-тренингі өткізілді.

 1 наурыз «Алғыс айту» күні студенттер мен оқытушылар бір біріне тілек жолдады. Кітапхана меңг. Л.Х.Мухтарова тақырыпты көрме ұйымдастырды.