«WinterFest» фестивалі

17 ақпан күні «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында Жастар жылына арналған «WinterFest» жастар арасындағы қысқы спорттық фестивалға біздің колледждің командасы құрамында «Стоматология» мамандығының ІІ-курс студенттері Құспанов Әлішер, Рахатов Фархад, Сайфеденов Азамат белсенді қатысты.