Халықаралық студенттер күні

Жыл сайын 17 қарашада бүкіл әлем студенттері Халықаралық студенттер күнін атап өтеді,  қол жетімді білім және халықаралық ынтымақтастық үшін құрбан болған студенттерді еске алуға жиналады.

15 қарашада «Мейіргер ісі» мамандығының МС-11,12 тобының студенттері мерекелік студенттік кеш ұйымдастырды.

Кешке қатысқан студенттер құттықтаулар мен ізгі тілектерді қуана қабылдап, мерекеге өте риза болды. Іс-шараның салтанатты ашылуынан кейін музыкалық жетекші Қадыр Д.Ж. студенттерді дискотекаға шақырды.