Бiз діни экстремизмге қарсымыз.
2019 ж. 26 қыркүйегінде жоспарға сәйкес студенттер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға БҚО Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» бөлімінің мамандары А.А.Раманқұлов және А.М.Кундикорова қатысты. Дәріс барысында жастардың бойында патриоттық сезімді, азаматтық сана-сезімді қалыптастыру, деструктивті діни ағымдардың қызметі туралы шынайы ақпаратты тарату мақсатында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, зайырлылық принциптері, ұлттық дәстүрлер мен діндердің сабақтастығы, деструктивті табынулар, экстремистік ұйымдар мен ағымдар қызметінің негізгі белгілері, оларға қарсы әрекет ету тәсілдері қарастырылды. Орталықтың «24-46-46» сенім телефоны туралы ақпарат берілді.