«Біз салауатты өмір салты үшін»(2018ж.19 ақпан- 19 наурыз)
Аралығында қалалық денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау орталығы және Зашаған ішкі істер бөлімшесінің өкілдері қатысуымен «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз» атты жоба жүзеге асырылды:
-«Green day» шарасы аясында зиянды әдеттерден арылу мақсатымен парақшалар үлестіріліп,тазалық мақсатымен қолжуғыштарға гигиеналық құралдар қойылып,студенттерге тәтті тоқаштар үлестірілді;
- Мейіргер ісі -11 және 15 топтарының қатысуымен «Көңілді старт» спорттық шарасы табиғат аясында өткізілді;
- І курс топтары бой сергітетін таңғы жаттығуларды көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын әуен ырғағымен «Сенің көзқарасың» флешмоб түрінде 1 ай бойы өткізді;
«Темекісіз жарқын болашақ» науқаны барысында МС-13 тобы колледж қабырғасында «Сен 1 темекіні 1 мандаринге ауыстыра аласың ба?» шарасын жүзеге асырды. Бұл акция 3 апта бойы жүргізілді.