"Маскүнемдіктің, нашақорлықтың және темекі шегудің алдын алу" апталығы
2019ж. 11-16 ақпан аралығында "Маскүнемдіктің, нашақорлықтың және темекі шегудің алдын алу" апталығында арнайы клиникалық пәндері оқытушылары ЕргалиеваХ.А, КичаповаС.И, Жаунбаева Ж. Т, БалабановаН.А. сонымен қатар, шақырылған қонақтар- Орал қ. № 6 емханасының СӨС қалыптастыру кабинетінің медбикесі ХабиболлинаТ.E. және психологы Р. А. Нигматуллина мазмұнды кәсіби сұхбаттарымен бөлісті.
"Тең теңімен" қағидасы бойынша I - II курс студенттерімен әңгімелесу барысында "Емдеу ісі" мамандығының ІІІ курс студенттері Тулегенов Жомарт, Нурекешова Аида белсенділік танытты.
Студенттер ортасындағы зиянды әдеттер мәселесі бүгінгі таңда ең өзекті болып табылады. Оларға қарсы күрестегі басты "қару" - бұл ақпараттық ағарту. Әрбір адам, әсіресе өсіп келе жатқан ұрпақ денсаулық үшін жағымсыз факторлар мен олардың адам ағзасына келтіретін зияны туралы білуі қажет.
Маскүнемдік пен темекі шегу, нашақорлық- денсаулыққа зиянды факторлар немесе әдеттер туралы көп айтылды және айтылады. Алкоголь мен никотин қоғам үшін әлеуметтік зұлымдық бола отырып, көптеген қайғы-қасірет әкеледі. Осы зиянды әдеттердің салдарынан өмір сүру ұзақтығы қысқарады, халықтың өлім- жітімі артады, жетілмеген ұрпақ өмірге келеді.