Жаңа жылдық мерекелік кеш

25.12.2019ж. жаңа жыл қарсаңында студенттерге арналған жаңа жылдық мерекелік кеш өтті. Бірінші басшы Берген М.К. жаңа жылдық кешті ашып, студенттерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, бар жақсылықты тіледі.

Колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан студенттер, «Жүрек жылуы» еріктілер қозғалысының белсенділері сыйлықтармен марапатталды.

Бұл кешті Аяз ата мен Ақшақар, көңілді жүргізушілер безендірді. Кеш бойы заманауи музыка шырқалды, көңілді сайыстар өтті. Бұл шара студенттер үшін Жаңа жыл қарсаңында керемет сыйлық болды.