Студенттер қатарына қабылдау салтанаты.

28 қазанда облыстық қазақ драма театрында «Бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау» іс-шарасы өтті.

Колледжіміздің басшысы Берген М.К. құттықтау сөз сөйлеп, бірінші курс студенттеріне студенттер әлеміне кеңес беріп, сынақ кітапшалары мен  студенттік билеттерін табыс етті.

Әрине, бұл шараны театрландырылған қойылымсыз өткізу мүмкін емес: Эскулап - медицина өнерінің құдайы, шәкірттерімен студенттер қатарына қабылдау рәсімін өткізсе, ал медицина әкесі Гиппократ бірінші курс студенттеріне өз батасын берді.

Жоғарғы курс студенттері үлкен ықылас пен жарқын концерттік бағдарлама дайындады!

Құрметті бірінші курс студенттері!

Сізді өміріңіздегі жаңа кезеңнің басталуымен құттықтаймыз және
колледжде өткізген әрбір минутты бағалап, медицина ғылымының негіздерін түсініп, кәсіби маман болып шығуларыңызды тілейміз!