ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖҮКТІЛІГІНІҢ АЛДЫН АЛУ

2019 ж. 3 сәуірінде колледж дәрігері Балабанова Н.А, акушерии және гинекология пәні оқытушысы Есбосынова Г.Ж,  педагог-психолог Талпакова С.А. қатысуымен "Емдеу ісі", "Мейіргер ісі", "Стоматология" мамандықтарының 1 курс студенттері үшін ақпараттық-ағартушылық әңгіме жүргізілді.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы жасөспірімдердің төменде көрсетілгендей құқықтары бар екенін көрсетеді:

* репродуктивті денсаулық және оның құрамдастары туралы хабардар болу;

* контрацепцияның қауіпсіз және тиімді әдістеріне қол жеткізу;

* тұқым жалғастыру және оған дайын болу мерзімдері туралы саналы шешім қабылдау.

Жыныстық өмірдің ерте басталуы көптеген теріс салдарларға соқтырады, бірінші кезекте-бұл жыныстық жолмен берілетін аурулар және ерте жүктілік.

Медициналық көрсеткіштер бойынша он сегіз жасқа дейінгі қыз баланың жүктілігі ерте болып саналады. Тек он сегіз жаста ғана оның ағзасы жеткілікті қалыптасып, сәбиді көтеруге және оны дүниеге әкелуге толық дайын болады.

Жыныстық тәрбие, контрацепция және аурулардан қорғау мәселелері студенттерге үнемі берілуде, себебі ол тек денсаулық мәселелерін ғана емес, сонымен қатар моральдық, құқықтық, мәдени және этикалық аспектілерді де қамтиды.

Жыныстық білім беру – болашақ аналардың әлеуметтік әл-ауқаты мен денсаулығының кепілі екенін ұмытпау керек.