Студент-еріктілер салауатты өмір салты үшін
2019 ж.11-14 наурыз аралығында "Емдеу ісі" мамандығының IV курс студент-еріктілері клиникалық пәндер оқытушысы Х. А. Ерғалиеваның жетекшілігімен №47,10,20 ЖББМ-де өткен сынып сағаттарында жоғары сынып оқушыларына жасөспірімдердің психобелсенді заттарды (ПБЗ), "спайс" темекі қоспаларын және есірткіні қолданудың салдары туралы дәріспен барды.
Ақпараттық блок жастар психосоматикасына девиантты мінез-құлықтың жойқын әсерін бейнелейтін есте қаларлық презентациялармен сүйемелденді, тыңдаушыларға нашақорлықтың, темекі шегудің және спайстарды, сыраны қолданудың салдары туралы әлеуметтік роликтер де әсерлі болды.
Берілген ақпарат жасөспірімдер үшін пайдалы болды және зиянды заттардың зардаптары туралы ойлануға мәжбүр етті, сонымен қатар оларды денсаулықтарымен тұлға үшін жойқын әдеттерді жібермеуге бағыттадық деп үміттенеміз дейды еріктілер.
Осы іс-шара аясында студенттер өз өмірін медицинамен байланыстырғысы келетін 9-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысын да жүргізді, біздің колледжге оқуға шақырды.