Үштілділік – үлкен әлемге жолдама

Қай кезеңде болмасын көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Біздің қоғамда қазақстандықтардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруіне бағытталған үштілділік саясаты жүргізілуде, осы мақсатта колледж оқытушылары мен студенттеріне  Орал қ. америка бұрышының координаторы Н.К. Темірғалиевамен кездесу өткізілді.

 Кездесу барысында тыңдаушылар ағылшын тілін оқыту бағдарламаларымен танысып, медициналық тақырыптарға ақпарат алу мүмкіндігі туралы танысты.

Координатор студенттерді Хамза Есенжанов атындағы облыстық кітапханасындағы "The American Corner" ұйымдастырылған күнделікті өтетін сабақтар кестесімен таныстырып, шақырды.