Волонтеры
24 қазан күні колледж студенттерінен құрылған «Жүрек жылуы» еріктілер тобы «Ақжайық» арнасының тікелей эфиріндегі «Күншуақ» бағдарламасында қонақта болып қайтты. Бағдарлама барысында аз қамтылған 15 отбасына үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап тұрақты түрде көмек көрсетілгендігі айтылды.
Қазіргі уақытта волонтерлер Зашаған округінің аумағындағы орналасқан мектептерде оқитын оқушылардың отбасыларының тізімін құрастырумен айналысады, өйткені біздің қолдауымыздың арқасында көмек көрсететін отбасылар саны артып келеді. Сондай-ақ, біздің колледждің студенттері игі бастамаға көп қызығушылық танытып, өз үлестерін қосқаны қуантады.