"Жүрек жылуы" еріктілер тобы қайырымдылық істі жалғастырды
«Жүрек жылуы» еріктілер тобы 2018-2019 оқу жылында өз жұмысын жалғастырды. «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Фармация», «Дантист» мамандықтарының І-ІІІ курс студенттері жағдайы аз қамтылған отбасыларға киіммен, азық-түлікпен көмектесті.
Қазан айының 26 шы жұлдызы күні «Жүрек жылуы» еріктілер тобы «Ақжайық» телеарнасындағы «Күншуақ» бағдарламасына барып, 2017-2018 жылғы жасалған жұмыстары жайлы жәнеде алдағы уақытта жасалатын жұмыстары жайлы сұхбат беріп қайтқан болатын.
Аз қамтылған отбасылардың мекен-жайы мектептердегі әлеуметтік педагогтардан және әлеуметтік жеке парақшамызға келіп түседі. Көмек көрсеткен кейбір отбасыларын атап кететін болсақ:
Еслям Айтмабетов - төрт баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған әке, жалдамалы пәтерде тұрғандықтан, қызмет атқарсада, тапқан жалақысы отбасын асырауға жетпейді.
Ринат Рахметов- 5 бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты әке. Зауытта жұмыс жасайды, сол зауыттан беріліп отырған жалдамалы жатақханада тұрады. Бірақ айлық ақысы отбасын қамтамасыз етуге жетпейді.
Дауенова Айнур - жалғыз басты ана 2 баласы бар. Денсаулығына байланысты жұмыс жасай алмайды, жәрдемақы алуға құжаттары дұрыс емес,ұлы мен қызы А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББ мектепте оқиды.