Год рабочих профессий

«Ұлт денсаулығы – ақ халатты абзал жандардың қолында» атты іс-шара өтті

2025 жылдың 29 тамызы күні, Жұмысшы мамандықтар жылына орай, «Ұлт денсаулығы – ақ халатты абзал жандардың қолында» тақырыбында арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

Шара аясында «Мейіргер ісі» мамандығының МС-33 тобының студенттері қала тұрғындары арасында скринингтік жұмыстар жүргізіп, «Адал» және «Атриум» сауда орталықтарында тұрғындардың қан қысымын өлшеп, денсаулықтарына жіті мән беруге шақырды.

Бұл бастама – болашақ мейіргерлердің кәсіби біліктілігін шыңдауға бағытталған ғана емес, сонымен қатар халыққа сапалы алғашқы медициналық көмек көрсетуге жасалған нақты қадам болды.