«Мен таңдаған мамандық – менің болашағым» тақырыбында эссе жазу жұмысы өтті
Бүгін колледж студенттері арасында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.С. Жайгалиева «Мен таңдаған мамандық – менің болашағым» тақырыбында эссе жазу жұмысын ұйымдастырды.
Мақсаты – студенттердің болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту және жазбаша сауаттылығын жетілдіру.
Эссе жазуға студенттер белсене қатысып, өз таңдаған мамандықтарына қатысты ой-пікірлерін шығармашылықпен жеткізе білді.