Год рабочих профессий

Педагогтер «Мақсат» Орал Жоғары медициналық колледжінде кәсіби бағдарлау тәжірибесімен танысты

2025 жылғы 22 қыркүйекте "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы "Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтының" ұйымдастыруымен орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне (кәсіби бағдар берушілерге) арналған «Білім алушыны кәсіби бағдарлаудағы мектептің іс-әрекеті» тақырыбындағы курс аясында қатысушылар "Мақсат" Орал Жоғары медициналық колледжі базасына іс-сапармен келді.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау жұмысының тәжірибесімен танысу және колледждің білім беру мүмкіндіктерін көрсету арқылы абитуриенттерді болашақта медициналық мамандықтарды таңдауға ынталандыру.

Іс-шара барысында колледждің материалдық-техникалық базасымен, мамандықтарымен және оқу үдерісімен таныстыру, кәсіби сынамалар ұйымдастырылды. Бұл жұмыс кәсіби бағдар беруші педагогтерге мектеп оқушыларымен тиімді жұмыс жасау үшін маңызды тәжірибе ұсынды.