2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы: Жоғары аграрлық-техникалық колледжінде көрме ұйымдастырылды

27.01.2025

Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың жарлығымен 2025 жыл -“Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жарияланды.

24 қаңтар күні Жоғары аграрлық- техникалық колледжінде “Жұмысшы мамандықтар жылының” ашылуына орай “Мақсат” Орал жоғары медициналық колледжі мамандықтары бойынша көрме қойды.

Бұл шара колледждің болашақ мамандарды тәрбиелеудегі маңызды рөлін көрсетіп, жастарды білікті маман болуға шақырады.

Көрменің жалғасы түстен кейін қала мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмысы жүргізілді.