22.11.2021

Ағымдағы жылдың 20-шы қараша күні БҚО бойынша № 6 қалалық емханаға алғашқы болып Орал жоғары «Мақсат» медициналық колледжінің 24 студенті барып Pfizer компаниясының Comirnaty екпесін алды. BioNTech/Pfizen компаниясының Comirnaty екпесі 12-18 жас аралығындағы жасөспiрiмдерге коронавирустың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл жасөспірімдер үшін ДДҰ мақұлдаған жалғыз екпе. Студенттер өз кезегінде екпе алу республикадағы дені сау ұлт үшін маңызды деп өз ойларымен бөлісті.Екпе алған жасөспірімдердің барлығы бақылауға алынып, қазіргі таңда өздерін жақсы сезінеді.