30.05.2023

Кадрларды даярлау сапасын арттыру және жұмыс берушілермен одан әрі тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2023 жылғы 19 мамырда колледжде «Жұмыс берушілер күні» өткізілді. Экскурсиялар колледжде бұрыннан серіктестік қарым-қатынас орнатқан негізгі емдеу-профилактикалық, стоматологиялық және фармацевтикалық ұйымдарды қамтыды. Мамандыққа сәйкес колледж студенттері «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК, «Аманат» паллиативтік көмек орталығы, «Зерде-фарма» дәріханалар желісі, «Зубная фея» стоматологиялық клиникасына барып, осы медициналық ұйымдарының жұмыс шарттары мен ерекшеліктерімен танысты.