29.11.2022

«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Мақсат» Орал Жоғары медициналық колледжінде «Стоматология» мамандығы Дт-11 тобы студенттерімен «Мен кітапты ашамын, мен әлемді танимын» атты әдеби кейс оздырылды. Мақсаты: Студенттер ұсынылған әңгімелер желісін тыңдай отырып, жағдаяттарды талдап, жағдаятқа өзіндік баға беруін, өзінің ой-пікірін нақты, әрі толық айтып беруін дамыту және студенттің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге бағыттау. Іс-шара барысында колледж психологы Аменова К.К. «Қасқыр ұлыған түн» және «Қызыл етік» әңгімелерінің аудио-жазбасын тыңдатып, әңгіменің маңыздылығы мен мәніне тоқталды, адамдардың адамгершілік қасиеттері, жанашырлығы, әртүрлі тағдыр тәлкегіне түскен адам өмірлері жөнінде айтылды. Студенттерге әңгіме бойынша қойылған сұрақтарға ерекше әсер алғандарын айтып, белсенділікпен жауап берді.