«Жастар көмекке» челленджі жалғасуда!

14.02.2019

Колледжіміздің Жүрек жылуы студенттік қозғалысының еріктілері 2019 ж. 13-14 ақпан күндері қала жолдарын қардан тазалауға жұмылдырған «Жол-пайдалану кәсіпорны» МКК-ның қызметкерлеріне (50 жұмысшыға) аяз күндері жылыну мақсатында дәмді бәлішпен ыстық шай ұйымдастырды. Кезекті сауапты істі үлкен жауапкершілікпен атқарып, алғыс- тілектерге ие болған студенттеріміз келесі қайырымдылық істерін де құлшыныспен атқаруға ниетті болып келді.

Жарайсыңдар, жастар! Қол ұшымызды беруге асығайық!