Стоматологиялық пәндер апталығы
Стоматологиялық пәндер апталығы шеңберінде колледжімізде2019 ж.11-16 ақпан аралығында келесі іс-шаралар өткізілді:
«Тіс жұлу операциясы» ашық сабағы,«Ұлы дала дантистері» атты аудиториядан тыс шара А. Т. Бисенова(ДТ-31 тобы),Э. С. Бергенов «Үздік дантист» байқауы (ДТ-31,32 топтар),«Қазіргі заманғы стоматология» дөңгелек үстелі (3 және 4 курс студенттерінің табысты түлектермен кездесуі),"Менің мамандығым – менің мақтанышым" аудиториядан тыс іс-шара Д. Т. Нурмуханбетов(ДТ-31,32 топ).
Апталықтың мақсаты : мамандықты танымал ету, студенттерге жауапкершілік сезімін және науқастармен қарым-қатынаста этикалық-деонтологиялық ережелерді қатаң сақтау қажеттілігін қалыптастыру, жағдайды талдауға, өзбетінше шешім қабылдауға, өз іс-әрекетіне сенімді болуға дағдыландыру болып табылады.