1 мамырға арналған мерекелік шеру
2019 ж.1 мамырында бүкіл ел бойынша Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шерулер өтті. Бұл көктем мен еңбектің тамаша мерекесі, бейбітшілік, ынтымақтастық, рухани бірлік, жасампаз еңбек символы бола отырып, жыл сайын адамдардың әр түрлі ұрпақтарын бейбітшілік пен игілікке ұмтылумен біріктіреді.
Жылдағы дәстүрге сәйкес, бұл күні біздің колледждің оқытушылары мен студенттері қолдарына
жалау мен шарлар ұстап, Нұр-Сұлтан даңғылына шықты.
Студенттердің айтуынша, "1 мамырға арналған мерекелік шеру-бұл біздің еліміздің тарихына үңіліп, көпғасырлық халық дәстүрлерін, отандастарымыздың еңбек ерліктерін еске түсірудің тамаша мүмкіндігі. Ең бастысы, бұл күн еліміздің лайықты бүгіні мен жарқын болашағы әрқайсымызға байланысты екенін еске салады".