«Жастар көмекке» челленджін қолдаймыз!
БҚО жастарымен бастау алған қайырымдылық челленджін біздің колледж студенттеріде қолдайды, себебі жасы егде тартқан мұқтаж жандарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, жалғызілікті ата-әжелердің үйіне барып, ауласын қардан тазалап, есіктерінің алдын сыпырып, қатып қалған мұздарды ойып, гуманитарлық көмек көрсету ол бұрынғы заманнан қалыптасқан халықтың бірлігі мен ынтымақтастығын берік дәнекерлеу, ұлттық бай рухани қазынаны сақтау және молайту, бекзаттық пен мәрттіктің рухы болып келеді.
23-25 қаңтарда облысымыздың аумағында үлкен көлемде борап жауған қарға байланысты студенттеріміз демалыс кезінде көмекке мұқтаж ардагерлердің үй жайларын қардан тазалауға белсенді кірісіп кетті.Сол сәттерден көрініс:
БҚО Ақжайық ауданы Жайық ауылының тұрғыны Ж.М. Құспановқа «Фармация» мамандығының Фт-21тобының студенті Мұқан Казима жәрдемдесті.
БҚО Зеленов ауданы Мичурин ауылының тұрғыны Л.А.Гусеваға «Стоматология» мамандығының Дт-12 тобының студенті Вруцкий Никита көмектесті.
Жарайсыңдар, жастар қол ұшымызды беруге асығайық!