Жас оқытушыларға арналған семинар.
2019 ж. 16 қаңтарында "Ашық сабақ -әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формасы. Ашық сабақты қалай дайындау және өткізу керек?» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Ашық сабақ – әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың маңызды нысандарының бірі. Ашық сабақ арқылы оқытушы әріптестеріне өзін жаңа қырынан танытып, инновациялық тәжірибесі мен әдістемелік идеяларды іске асыруын, әдістемелік қабылдауды немесе оқыту әдісін қолдануды көрсетеді.
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-экономикалық пәндерінің жоғары санатты оқытушысы К. М. Салыхова "Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы жетекшілік ететін Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі" тақырыбы мысалында проблемалық оқыту технологиясын ұйымдастыру формалары мен кезеңдерін егжей-тегжейлі сипаттап берді.
Семинар барысында тыңдаушылар оқытушы қолданатын технология бойынша өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.