Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар өткізілді.
03.03.2020
2020 ж. 24-28 ақпан аралығында кураторлық сағаттарда бейнематериалдар арқылы студенттер террористердің мінез-құлқының белгілері және куәгерлер мен зардап шеккендердің дұрыс әрекеттерінің алгоритімдері және жағдай мысалдарымен танысты.
Қысылтаяң жағдайда өзін-өзі ұстау дағдыларын пысықтау және бекіту мақсатында қызметкерлер мен студенттер үшін ғимараттан шығу, практикалық жаттығу өткізілді.
1 курс студенттері үшін АӘД оқытушысы Ищанов М. Б. өрт сөндіру ісі мұражайына экскурсия ұйымдастырды.
Мұндай іс-шаралар адамдарға дұрыс бағдар беріп, ТЖ дұрыс жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.